Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.
"Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі науқан жаңа кезеңге аяқ басты. Учаскелік референдум комиссиялары жұмысқа толығымен кірісті. Барлығы 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. 15 мамырдағы ақпаратқа сүйенсек, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 722 536 адам енгізілген", – деді Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, 20 мамырдан бастап кез келген адам тұрғылықты жері бойынша тізімде өз атын тексере алады. Ал қандай да бір өзгеріс енгіземін десе, учаскелік референдум комиссиясына өтініш жазуға мүмкіндік бар. Ондай өтініштер сол күні бірден қаралады.