– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы ұсынысы көптің көңілінен шыққаны ақиқат. Билік бұқараның үніне құлақ түріп, ел тарихындағы кезекті референдумда таңдау жасауға мүмкіндік берді.
Референдум қазір қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр. Алайда референдумның мән-маңызын түсінбей жатқандар да жоқ емес. Осы орайда бұл саяси науқан ел ертеңі мен кемел келешекке жасалған қадамнан бөлек, халықтың еркін пікір білдіруінің айқын көрінісі дер едім.
Конституциялық құрылымды жетілдіру нәтижесінде азаматтардың мүддесін қорғау механизмі күшейеді. Біздің құқықтарымыз бен бостандығымыз барынша қорғалатынына сенеміз.
Алдағы референдумға мен ел ертеңі мен кемел келешек үшін қатысамын. Ұрпағымның баянды да бақ-дәулетті, құқықтық теңдік құрған мемлекетте өмір сүруі үшін өз таңдауымды жасаймын.