Елордадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратына жарылғыш зат бар деген хабар келіп түскен. Бұл туралы аталған ведомствоның БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы мәлімдеді.
«Қазақстан темір жолының ғимаратына жарылғыш зат қойылған деген жасырын хабар келіп түсті. Ол туралы құзырлы органдарға хабарланды. Сондай-ақ, ғимарат ішіндегі қызметкерлер жедел эвакуацияланды»,- дейді Қайсар Жұмабайұлы.