Қызылордада жылқыны қаққан көлік жүргізушісі жол бойында қаза тапты  

Қызылордада жылқыны қаққан көлік жүргізушісі жол бойында қаза тапты  

Оқыс оқиға Арал ауданы Қамбаш елді мекенінің тұсында болды. Audi маркалы көлік жүргізушісі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында жылқыға соғылды. Көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Көліктегі жолаушылар түрлі дене жарақатымен Арал аудандық ауруханасына жеткізілді. «Аталған дерек бойынша ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Жылқының иесін анықтау үшін тапсырма берілді» делінген полиция таратқан ресми мәліметте.