Қостанайда полицей 3 баласы бар әйелге үй жалдап берді
Қостанайда полицей 3 баласы бар әйелге үй жалдап берді
231
оқылды
Қостанай қалалық полиция департаменті солтүстік бөлігінің кезекші бөліміне Узкоколейная көшесіндегі үйде көршілер сөзге келіп қалғаны туралы шағым түскен. Көрсетілген мекенжайға учаскелік инспектор Оңайбек Оразақов келген. Оқиға орнына келген ол кәмелет жасына толмаған 3 баласы бар әйелге тап болған.  Әйел 3 баласын жалғыз өзі асырап отыр екен. Айтуынша,  басында баспанасы болмағандықтан, танысының үйін паналаған.
«Мен 3 балалы әйелдің далада қалғанын көргенде оларды тастап кете алмадым. Балалардың үлкені 4 жаста, кішісі 6 айлық екен. Жатақханадан бөлме жалдап, отбасын сонда орналастырдым», – дейді полицей.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Оңайбек Оразақов сондай-ақ отбасына азық-түлік сатып алып беріп, балалардың жәрдемақысын алуға көмектескен. Бұған дейін елордада 8-қабаттан құлағалы тұрған 3 жасар қыз баланы құтқарған жігітке белгілі депутат 3 бөлмелі пәтер сыйлағанын жазған болатынбыз.