Белгілі миллиардер Әлішер Усманов әйелімен ажырасты
Белгілі миллиардер Әлішер Усманов әйелімен ажырасты
261
оқылды
Белгілі миллиардер Әлішер Усманов әйелі - көркем гимнастика жаттықтырушысы Ирина Винермен ажырасты. Некені бұзу туралы өтініш 4 мамыр күні түскен. Бұл оқиғада Усманов – азаматтық талапкер, ал Винер жауапкер ретінде әрекет етеді. Ерлі-зайыптылар 30 жыл бір шаңырақ астында тұрды. Ажырасудың себебі неде екендігі әлі хабарланған жоқ. Бұл жайында Baza ақпарат көзі хабарлады. Айта кетейік, Әлішер Усманов наурыз айында Еуроодақ, АҚШ және Ұлыбританияның санкцияларына ұшыраған болатын. Оның 600 миллион долларлық Dilbar яхтасын (анасының атымен аталған) Гамбург билігі тәркілеп алды. Ал Мэн аралы Алишер Усмановтың Airbus A340-300 ұшағын тіркеуден бас тартты, оның құны – 350 миллион доллар. Ұшақтың өз атауы Bourkhan – Әлішер Усмановтың әкесінің есімімен аталған. Ал M-IABU борттық нөмірінің соңғы үш әрпі – Әлішер Бурханович Усманов (I Alisher Bourkhanovich Usmanov) дегенді білдіреді. Ирина Винер - Бүкілресейлік көркем гимнастика федерациясының президенті. 2001 жылдан бастап ол көркем гимнастика бойынша Ресей құрамасына жетекшілік етеді.