«Қазіргі уақытта ол азамат ұсталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ПД өкілдері.Айта кетсек, әлеуметтік желілерде елордалық тұрғын өзінің кәмелеттік жасқа толмаған қызын автобуста әлдебір ер адамның қорлағаны туралы видеосы жарияланған болатын. Әйелдің айтуынша, автобустағы жолаушылар ер адамның әрекетіне мүлдем немқұрайлылық танытып, қызға көмектеспеген. Қатты қорыққан қыз анасының телефонына болған оқиға туралы жазған. Анасы дереу бейнеқоңырау шалып, ер адамға ескерту жасағанда ол дереу қашып кеткен.
Елордада оқушы қызға тиіскен күдікті ұсталды

166
оқылды
оқылды