Киногердің гүрзісі – тарихшының сүзгісі
Киногердің гүрзісі – тарихшының сүзгісі
© коллаж: Елдар Қаба
Тарихты кино ті­лін­де сөйлету ма­ңыз­ды. Әлемде тарихын көркем тілмен кес­телеп, сурет өнерімен бейнелеп, киноға айналдырған мемлекет өте көп. Оның мы­салын да мыңдап жазуға болады. Соңғы жылдары қазақ киносы да тарихи туындыларға көбірек бет бұрып жүр. «Кө­шпенділер», «Қазақ хандығы», «Алмас қы­лыш», «Жаужүрек мың бала», «Томирис», «Ұлы дала таңы» – осының бір дәлелі. Рас, осыған дейін бірқатар тарихи фильм түсірілді.Тарихшылар да, тарихи фильм түсіріп жүрген режиссерлер де «тарихи жобалардан ақша аямау керек» деп санайды. Бұған дейінгі түсірілген фильм­дердің бюджетіне көз жүгіртсеңіз, қаржының мол бөлінгенін байқауға болады. Оның мысалын «Көш­пен­ділер» мен «Қазақ хандығы», «То­миристен» де анық байқайсың. Бұл жерде мәселе – тарихи фильмдердің бюджетіне ғана тіреліп тұрған жоқ. Біздегі ұлттық деңгейдегі ауқымды кино жобалардағы көзге бадырайып көрініп тұратын кемшіліктердің бір ұлттық деңгейдегі ауқымды кино жобалардағы көзге бадырайып көрініп тұратын кемшіліктердің бірі – асығыстық пен салғырттық. Мұны киносыншылар да, тарих­шылар да жиі айтып жүр. Кеңесші таңдағанда ғылыми еңбектеріне қараған дұрыс «Қыз Жібек» фильмі неге шедеврге айналды? Өйткені оны түсіру үшін авторлар да, режиссер де ұзақ дайындық жасаған. Соның арқасында көркем фильмді кеңес кезінің өзінде 122 мемлекет сатып алған. Мұндай жетістікке тәуел­сіздік алғалы бірде-бір фильм қол жеткізген жоқ. Неге? Себебі бізде ең алдымен тарихи туындылардың сценарийіне көрерменнің көңілі толмайды. Екіншіден, тарихи дә­л­дік жетіс­пей­ді. Әрі тарихи тұл­ғалардың көркем образы дұрыс шықпайды. Тарихшы Гүлжауһар Көкебаева «Қазақ хандығын» көрген жоқпын. «Томиристі» қарадым, жақсы фильм, әрине тарихтан алшақтығы баршылық, бірақ ол ертерек кезеңге жататындықтан әрі көркем фильм болғандықтан, мұндай алшақтықты ақтауға болады. Ал «Қазақ хандығы» фильміне байланысты тарихи шын­дықтан алыс кеткені туралы маман­дардың айтқанын оқыдым. Өзім тарихтың бұл кезеңімен кәсіби түрде айналыспаймын, бірақ елдің, мем­ле­кеттің тарихына тікелей қатысы бар, аса маңызды тарихи оқиғаларды қанша көркемдесек те, ғылымнан тым алыс кетуге бол­майды. Өйткені қарапайым шетел­діктердің басым бөлігі біздің та­рихымыз туралы тү­сінікті фильм­дерден алатынын ес­керуіміз керек. Сондай-ақ фильмге кеңесші таңда­ғанда атағына емес, ғылыми ең­бектеріне қараған дұрыс болар еді» деген пікірді айтады. Кез келген тарихи фильмнің ең әуелі сценарийі жазылады. Оны кім жазады? Мәселе – осында. Түсі­рілетін фильмдердің сценарийін асықпай, аптықпай, толғанып жа­зып отыратын уақыт жоқ. Өйткені фильм қысқа уақыт ішінде түсіріліп бітуі керек. Сол себепті, режиссер өздері жазуға тырысады. Оны көр­кемдік кеңес қарайды. Тақырыбын, сценарийін бекітеді. Содан кейін ғана фильм өндіріске жіберіледі. Заманы қиылыспайтын адамдар жүр Кей киногерлер «келешек фильмнің нобайын түсіруші топтың айналасында ғана өздері көркемдік кеңес құрып, тығылып алып қара­май, көзі ашық мамандармен, зиялы қауыммен, қаламгерлермен санасса, түсірілер дүниенің сапасы да арта түсер еді» деген пікірді алға тартады. Одан бөлек, тарихи фильмдерде ұраншылдық басым. «Біздің тари­хымыз осындай болған» деп өтірік сценарий жазып, фильм түсір­ге­ні­мізбен, оны өзімізден басқа ешкім көрмейтіні белгілі. Ең алдымен тарихи фильм көрерменге ой салуы керек. Мәселен, «Шыңғысхан» се­риалын алайықшы. Қытайлар түсірді. Осы сериалды әлі күнге неге тапжылмай көреміз? Өйткені онда қазақ руларының тарихы, тұлғалардың аттары, сол заманның көрінісі барынша реалистік сипатта бейнеленген. Сол үшін де ол сериал көрерменге құнды. Тарихшы Еркін Стамшалов «же­лісі тарихи демесең, көп факті сәйкес келмейтін фильм көп» дей­ді. Сондықтан тарихи фильмдерге тарихшы ретінде сын айтқанымыз дұрыс емес шығар деп отыр. «Өйткені заманы қиылыспайтын адамдар жүр. Доспамбет тағы басқалар. Тарихшылардың сыны деректі фильмдерге лайық қой. Көркем фильм деген тарих желі­сімен жасалатын авторлық шығар­ма», – дейді. Жалпы алғанда, тарихи фильм­дерге арқау боларлық құнды де­ректер жетерлік. Тарихтың қай ке­зеңін алып қарасақ та, мейлі ол ежел­гі заман болсын немесе орта­ғасырлық дүние десек те, әр кезең­нен қызықты әрі тартысты оқи­ға­ларды көптеп табуға болады. Ал шынайы тарихты бейнелеген көр­кем дүниелерді қанша қайталап көр­сеңіз де, құнын жоймайды. Тарихшы Сәбит Шілдебайға қандай тарихи фильмдер көргенін, ол фильмдерге көңілі толған-тол­мағанын білгіміз келіп, қоңырау шалған едік. «Тарихи фильмдердің барлығын дерлік көріп шықтым. «Қазақ хандығын» да, «Томирис» фильмін де көрдім. «Томирис» көр­кем туынды ретінде жақсы фильм деп айтуға болады. Бірақ ол сол замандағы сақтардың өмірі туралы тарихшылар ұсынған деректерден гөрі режиссердің қиялы негізінде түсірілген. Тарихи негізге көп сүйе­не бермейді. «Қазақ хандығына» келер болсақ, ол таза Ілияс Есен­берлиннің трилогиясы негізінде түсірілгені көрініп тұр. Бір атап өтетін нәрсе, Есенберлиннің три­ло­гиясы тарихи деректі шығарма ретінде жазылған. Сондықтан ки­ноның жалпы желісі тарихи шын­дыққа жақын. Бірақ біздегі бір кем­шілік, режиссерлер бірінші сценарий жазады. Содан кейін ғана тарихшыларға көрсетеді. Көп жағ­дайда фильм түсіріп болғаннан кейін хабарласады. Маған да екі рет, біріншісінде Жұмабек Тәше­новке, екіншісінде, Тұрар Рысқұлов туралы фильмге байланысты ха­бар­ласты. Екі жағдайда да солай болды. «Біз сценарийді жазып қойдық» дейді. Онда менен не сұрап отырға­нын түсінбеймін. Өздерінің ішкі күдігін сейілту үшін хабарласатын сияқты. Режиссерлер көбіне әсірелеп, көркемдеп беруге әуес келеді», – дейді. Кино – ұлттық құндылық Қалай десек те, кино өнері – ұлтты дүниежүзілік руханият ке­ңістігіне шығаратын құндылықтың бірі. Мемлекет басшысы әлемдік киноиндустрияда тарих тақыры­бындағы сценарийлерге сұраныс жоғары екенін, алпауыт компания­лардың Азияға бет бұрып отыр­ғанын текке айтқан жоқ. Қазақстан тарихын әлемге паш етудің жолы да осы. Сақ, Ғұн, Үйсін дәуірі, Алтын Орда, одан бөлек, хандарымыздың әрқайсысының жеке өмірі де бір-бір тарихи киноға арқау бола алады. Күні кеше Қасым хан тағдыры да фильмге айналды. «Ұлы дала та­ңы» төңірегінде де сын пікір көп. Бел­гілі тарихшы Жақсылық Сәби­тов бас­пасөзге берген пікірінде ре­жиссердің кейбір фактіні бұрма­лағанын айтқан екен. Ол тіпті кей­бір оқиғалар шын­дыққа жанас­пайды деп отыр. «Фильм кеңестік өлшем бо­йынша түсірілген. Супер­мен де­ген ұғым өткен ға­сырдың 70-жыл­да­рында қызықты еді. Қазір ондай дү­ниені көпшілік қабылдай бермей­ді. Қасым хан елді тиімді басқарған, әккі саясаткер болған» деген ойды айтып отыр. Фильмнің басы-қа­сын­да кеңесші ретінде тарихшы Берекет Кәрібаев жүрді. Өкінішке қарай, тарихшы біз қой­ған сауалға жауап бермеді. Жалпы, тарихи фильмдерде ес­керілетін дүние – әрбір детальға мән беру. Олай болмаса, тарихқа қиянат жасап аламыз. Сол себепті де, тарихи фильм түсіруде сол жыл­дарды зерттеген тарихшының пікірі де маңызды рөл атқаруы керек. Ал өнер бір адамның жекеменшігі емес, сондықтан тарихи фильм тү­сіргісі келетін режиссер қоғамның пікіріне де құлақ асуы тиіс. Әлем көрерменіне жол тартар фильмде шынайылық, дәлдік болмаса, оған мықты сурет­керлер сценарий жаз­баса, лента әбден пісіп-жетіл­месе, онда ол кинотуындының мықты болмағаны. Мұндай олқылықтар түзелмей, сапалы кино түсіру туралы әңгіме айтудың өзі артық секілді.

Айым БЕКТҰР