«19 мамырда Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 пультіне үш кішкентай баланың автокөліктің жүк салғышында тұншыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері шықты. Анықталғанындай, ата-анасы үйде болмаған. Балалар жүк салғышқа кіріп, қақпағын жауып алады. Содан кейін қайта шыға алмай тұншығып қалыпты. Екеуі оқиға орнында қайтыс болды, ал үшінші бала бүгін реанимацияда көз жұмды», - деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік жүксалғышында тұншығып қаза болды

136
оқылды
оқылды