Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
433
оқылды
22 мамырда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

22 мамырда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с.

 Алматы облысының оңтүстігінде, тау және таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 22 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 18-23, екпіні 29 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай. Таулы және тау бөктерлі аудандарда бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда 15-20, түнде таулы аудандарда екпіні 25 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, түнде облыстың шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 22 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Қостанай қ: 22 мамырда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, солтүстік-шығысында бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа, оңтүстіккке ауысып соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Павлодар облысының солтүстік жартысында найзағай, облыстың батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с. Павлодар қ.: 22 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

22 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі.