«NISSAN CEFIRO» маркалы автокөліктің 36 жастағы жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып, алдында келе жатқан «Беларусь 82.1» маркалы трактор тіркемесінің артына соғылған. Соның салдарынан жеңіл көліктің 36 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетті»,– делінген ақпаратта.Ал 1 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.
ШҚО-да жол апатынан 5 адам қаза тапты

180
оқылды
оқылды