Ауа райы күрт құбылып, көрші қырғыз елінде таулы аймақтарда қар жауып жатыр. Қар жауған соң, жолдар көктайғаққа айналды, – деп жазады kabar.kg.
Қырғызстанның Көлік және коммуникация министрлігінің дерегінше, қазіргі уақытта Бішкек-Ош-Тоо-Ашуу, Алабел, Көкбел, Отмок автожолының ең биік асулардан өтетін тұсында, Талас-Тараз-Суусамыр тас жолдарында қар жауып жатыр.
Жол қозғалысын қадағалайтын мамандар алыс сапарға шыққанда сақ болуды, зардап шекпес үшін қауіпсіздік талаптарын ескеруді сұрайды.
Әсіресе, асуларда кептеліс тудырмас үшін қар аршитын көліктерге жол беруді өтінеді.