Шетелдегі қазақ елшілері қандай көлік мінеді?
Шетелдегі қазақ елшілері қандай көлік мінеді?
Шетелдегі қазақстандық елшілер жұмысына күнде Mercedes-Benz S500, Lexus LX 570, Mercedes Benz-Maybach S560, Audi A8, Toyota Land Cruiser көліктерімен барып-келеді. Әлеуметтік желіде qazyna.qz порталы шетелдегі қазақ елшілерінің қандай көлік мінетіні жайлы жазба жариялады. Елшілер арасында Mersedes маркалы көліктер ең көп қолданылады. Мәселен, Мәскеу, Ереван, Рим, Баку, Гаага, Варшава, Анкара, Киев, Загреб және Сеулдегі елшілеріміз Mersedes-Benz S500 мінеді. Кувейт, Мексика, Норвегия, БАӘ, Эфиопия, Өзбекстан және Оңтүстік Африкадағы дипломаттар Mercedes-Benz S400 көлігімен жүреді. Mercedes-Benz Mercedes Star S450 мінген елшілеріміз бес қалада бар – Тель-Авив, Ұлыбритания, Исламабад, Братислава және Париж. Иордания, Ашхабад пен Стамбулдағы елшілер Mercedes-Benz 350S мінсе, Мадрид пен Бангкоктегілер Mercedes-Benz S560-пен жүреді. Ал Минскідегі елші мінетін көлік – Maybach S560. mercedes maybach Елшілер арасында кең таралған Lexus маркалы көлік екінші орында. Баку мен Анкарадағы елшілер Lexus LX 570 мінгенді жақсы көреді. Ал Анталияда Lexus LS 460L көлігі бар. lexus Дипломаттар сүйіп мінетін үшінші орындағы автокөлік – TОYOTA.   Қазақстандық елшілер Мәскеуде – TОYOTA CAMRY 70, Астраханда – TOYOTA LC PRADO, Тәжікстанда – TOYOTA CAMRY 50, Таллин, Варшава, Мәскеу, Кабул және Тбилисиде – TOYOTA LAND CRUISER  мініп жүреді. toyota Рейтиңдегі 4-орында BMW көлігі тұр. Дубай, Куала-Лумпур, Сингапур және Токиодағы елшілер BMW 740 Li-мен жүреді. Ал Омскі мен Прагадағылар BMW X5 мінеді. bmw Бесінші орынға Audi автокөлігі жайғасты. Мысалы, Санкт-Петербург пен Белградтағы дипломаттар Audi A8 3.0, Нью-Делидегі елші Audi A8L 50 TDI Premium Plus мінеді. audi Сонымен қатар аталғандардан бөлек Volkswagen Passat, Huyndai, Kia автокөліктері де елшілер арасында жиі қолданыста.