Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
392
оқылды
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Он жасар бала шомылғысы келіп, суға қойып кеткен. Ол батып бара жатқанда, қасындағы басқа бала оған көмекке барады, салдарынан екеуі де суға батып кетт. Қайғылы оқиға басқа балалардың көз алдында орын алды.
Жасанды шұңқыр карьер суымен толыққан, ені - 20 метр, ұзындығы - 50 метр, тереңдігі - 2 метр. Жергілікті тұрғындар 2012 жылы туған екі баланың денесін судан алып шықты. Олар шомылуға арналмаған жерде суға түскен. Балалар шамамен сағат 17.30-да батып кеткен. Оқушыларды іздеуге төтенше жағдай департаментінің төрт қызметкері, бір техникасы, полиция департаментінің 20 қызметкері және алты техникасы, жергілікті тұрғындар, балалардың туыстары жұмылдырылды.Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі