Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндірді
Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндірді
195
оқылды
«AMANAT» партиясының Жастар қа­наты республикалық референдумға бай­ланысты тү­сіндіру жұмыстарын жүргізу мақ­сатында жастармен ашық диалог өт­кізді. Осыған орай BIR TOLQYNDA диа­лог алаңында өткен шараға Пар­ла­мент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт, Парламент Мәжілісінің де­пу­таты Динара Закиева, тележүр­гі­зуші Динара Сәтжан, Talap КЕАҚ Президенті Олжас Ордабаев және Жастар қанаты­ның төрағасы Нұржан Жетпісбаев қатысты. Спикерлер Ата Заңға енгізілетін ауқым­ды және маңызды түзетулер туралы айтып, «Жаңа Қазақстанды» құрудың ел болашағы мен жас­тардың өздері үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. «Реформа реформа үшін емес, жүйені өзгерту үшін, еліміздің одан әрі даму бағы­тын анықтау үшін жүргізіледі. Бұл рефор­маның басты айырмашылығы – Халықтың дауысы. Біздің басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстан құру, сондықтан баршаңызды бел­сенді қо­ғамның бір бөлігі болуға ша­қыра­мын»,– деп атап өтті Парламент Сена­тының депутаты Дана Нұржігіт. Парламент Мәжілісінің депутаты Динара Закиева өткізілгелі жатқан саяси оқиғаның өзектілігіне тоқталды: «Ең алдымен ұсынылып отырған тү­зетулер бүкіл халықтың, әрқайсысымыздың ел бас­қаруға қатысу мүмкіндігімізді кеңейт­пек. Өзгерістер Парламент Мә­жілісіне кандидат­тар­дың аралас сайлау жүйесі арқы­лы бақ сы­науына жол ашады. Осылайша, әр­қайсысымыз нақты әлеу­меттік мәсе­ле­лер­ді шешуге ықпал ете аламыз»,– деді ол. Тележүргізуші Динара Сәтжан халықтың референдумға деген белсенділігі мен қызығу­шылығына тоқталды: «Мен әлеуметтік желіде «Сіз референ­думға барасыз ба?» деген сауалнама жүр­гіз­дім. Сұ­рал­ғандардың 56 пайызы «иә» деп жауап бер­гені мені қуантады. Қаң­тардағы оқиғалар жас­тардың ел жағдайы­нан тыс қалғанын және оның арты үлкен қиын­дықтарға әкелетінін көрсетті. Сон­дықтан қазір әрқайсысымыз енгізілетін түзетулерді зерделеуіміз керек»,– деді Д.Сәтжан. Кездесу барысында спикерлер жастар­дың көптеген сұрағына жауап берді. Talap КЕАҚ Президенті Олжас Ордабаев бұл шараның маңыздылығына тоқталды: «Қазір тарихи оқиғалар болып жатыр, сіздер осыған куәсіздер, сіздер – еліміздің тірегісіздер. Сіздердің араларыңызда болашақ басқарушы көп, сондықтан біз бәріміз мем­лекеттің қалыптасуына белсенді қатысуымыз керек»,– деп түйіндеді ол. Сондай-ақ республикалық партиялық штабтың мүшесі, «AMANAT» партиясы Жас­тар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев Ата Заңға енгізілетін түзетулер бойынша жүр­гізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты: «Біз ұсынылған өзгерістер туралы қара­пайым тілмен түсіндіруіміз керек. Қазір Жас­тар қанаты бұл бағытта барлық өңірде белсенді жұмыс жүргізуде. Біз үшін әрбір жас қазақ­стан­дықтың саяси оқиғаның мә­нінен хабардар болуы маңызды», – деді ол. Айта кету керек, Қазақстан тарихында ре­ферендум екі рет өтті. Біріншісі 1995 жылғы 29 сәуірде өтіп, ел Президентінің өкі­леттік мерзімін ұзарту мәселесіне қатыс­ты болды. 1995 жылғы 30 тамызда өткен екін­ші референдум Қазақстанның жаңа Конститу­циясының жобасын талқылауға арналды.