Мәдениет және спорт министрі тұңғыш Кубогінің жеңімпаздары анықталды
Мәдениет және спорт министрі тұңғыш Кубогінің жеңімпаздары анықталды
176
оқылды
23-24 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Кубогі үшін турнирдің финалдық кезеңі өтті. Жарысқа еліміздің спорт интернаттары мен колледждерінің 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдері қатысты. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, жарыстың ақтық кезеңін бақылады, оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар табыстады.
"Спортшылар мен жаттықтырушылар және болашақ чемпиондардың ата-аналары үшін шын жүректен қуаныштымын. Өңірлерде осы жарыстарды өткізу туралы бастаманы үлкен ынтамен қарсы алғандары қуантады. Күрделі іріктеу кезеңдерінен кейін елордада ең мықты спортшылар жиналды. Бұл жарыстардың атмосферасы сізге тек жағымды эмоция мен әдемі әсер сыйлайды, ал жарқын жеңіс қосымша серпін мен мотивация береді деп сенемін", – деді министр.
Сондай-ақ, Дәурен Абаев аталған жарыс дәстүрлі түрде өтетініне және жас таланттарды ашуға көмектесетініне сенім білдірді. 1-4 мамыр аралығында өткен іріктеу кезеңіне республиканың барлық өңірінен 17 команда қатысқанын атап өту маңызды. Өңірлік турнир Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Тараз қалаларында өтті. Финалдық кезеңде медальдар спорттың төрт түрі бойынша ойнатылды: бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес. Министрдің дебюттік Кубогінің жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды. 1 орын – 5 миллион, 2 орын – 3 миллион, 3 орын – 2 миллион теңге.