Әлеуметтік желіде Ақтаудағы тұрғын үй кешенінің төбесінде балалардың жүгіріп келе жатқаны түсірілген видео тарады.
Болған жайтқа қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті пікір білдірді.
"23 мамыр күні сағат 19:45-те «102» кезекші бөліміне 17-шағын аудандағы «Green Park» тұрғын үй кешенінің төбесінде балалардың серуендеп жүргені туралы хабарлама түскен. Ювеналды полицейлер қоңырауға жауап берді, бірақ тексеру кезінде шатырда ешкім болмаған",– деп хабарлады Маңғыстау облысының Полиция департаменті.