Жүк көлігінен құлаған ер адам дөңгелектің астына түсіп қаза тапты
Жүк көлігінен құлаған ер адам дөңгелектің астына түсіп қаза тапты
Фото: avtoalfa. Twitter.com
278
оқылды
Ақмола облыстық Полиция департаментінің дерегінше, КамАЗ-дан құлаған ер адамды артқы дөңгелек басып кетті. 48 жастағы ер адам жол бойында мерт болды. Сандықтау аудандық полиция бөліміне учаскелік полицей хабарласып, Мәдениет ауылынан екі шақырым жерде жергілікті тұрғынның қаза тапқанын айтты. «Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды. Кәсіпорынның 48 жастағы жұмысшысы жүріп келе жатқан КамАЗ салонынан құлағаны белгілі болды. Құлаған кезде көліктің артқы дөңгелегінің астында қалған. Сол жерде көз жұмды», – деді полицей. Сандықтау аудандық ПБ тергеу бөлімі осы оқиғаға байланысты ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.