Ашуланған әйел күйеуінің көлігін есептен шығарып тастаған
Ашуланған әйел күйеуінің көлігін есептен шығарып тастаған
Фото: altyn-orda.kz
205
оқылды
Полицейлер жалған нөмірмен жүрген павлодарлықты жауапқа тартты. Полиция департаменті Павлодар көшелеріне мониторинг жүргізді. Инспектор есепте жоқ, жалған нөмірмен жүрген «Инфинити» көлігін анықтады. Полицейлер тексерген соң ер адам көлігі әйеліне тиесілі екенін білген. Көлігі тіркеу есебінен шығарылғанын, ал мемлекеттік нөмірдің жалған екенін білген 36 жастағы павлодарлық таңғалды. Тексерістен кейін көліктің иесі оның әйелі екені белгілі болды. Ерлі-зайыптылар ажырасып жатқандықтан, күйеуіне ашуланған әйелі бұл туралы ештеңе айтпастан, көлікті есептен шығарған. Заңсыз көлік жүргізген жүргізуші жауапқа тартты. ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлікті айыптұрағына қойды.