Биыл екі ай қамауға алынған әкімнің орынбасары жұмысына қайта кірісті  
Биыл екі ай қамауға алынған әкімнің орынбасары жұмысына қайта кірісті  
Фото: lada.kz
272
оқылды
Биыл Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ақпан айында екі айға қамауға алынған болатын, – деп жазады inAktau.kz. Ол сейсенбі, 24 мамырда жұмысқа шықты. Ғалымжан Ниязовтың ұсталғаны 24 қаңтарда жария болды. Алайда Қаржы мониторингі агенттігі оның ұсталғанын 4 ақпанда ресми түрде растады. Лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен екі айға қамауға алынды. 17 ақпанда өтініші қанағаттандырылып, жазасы үйқамаққа ауыстырылды. Айып тағылған кезден бастап осы күнге дейін Ғалымжан Ниязов ақысыз еңбек демалысында болған.