«Қазгидромет» 26-28 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Екатеринбург аймағынан шыққан циклон солтүстік-шығысқа қарай жылжиды. Елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады.
26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта, сонымен қатар бұл аймақта найзағай мен желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен батыста жауын-шашын толастайды. Қалған өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін суық болуы мүмкін.