Петропавлда учаскелік полицей өз үйінен өлі күйінде табылды
Петропавлда учаскелік полицей өз үйінен өлі күйінде табылды
© ktk.kz
184
оқылды
Петропавлда учаскелік полиция инспекторын өз үйінде өлтіріп кеткен, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі Ведомствоның мәліметінше, 1990 жылғы полицей Петропавл қаласының полиция басқармасында жұмыс істеген. Полицейдің кеуде тұсына пышақ салынған. Аталған фактіні Петропавл қаласының ПБ Тергеу басқармасы сол күні тіркеп,  ҚР ҚК-нің 99-б.1-б. бойынша, яғни кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов осы іс бойынша жәбірленуші полиция қызметкері болғанын, бірақ аталған қылмыс  оның кәсіби қызметімен байланысты емес екендігін түсіндірді.
"Аталған нұсқа бойынша осы қылмысқа күдікті ретінде әйелі тергелуде.  Қазіргі уақытта іс бойынша барлық жағдайды анықтауға бағытталған барлық қажетті және жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазір тергеу қорытындылары туралы  тұжырым жасауға әлі ерте. Сот сараптамалары тағайындалады. Болжамды қылмыс қаруы алынды. Тергеу барысы СҚО прокуратурасының бақылауына алынды", - делінген хабарламада.
Жәбірленушінің артында екі кішкентай баласы қалды.