Ақмолада жергілікті тұрғынды 9 млн теңгеге алдап соққан алаяқтар ұсталды
Ақмолада жергілікті тұрғынды 9 млн теңгеге алдап соққан алаяқтар ұсталды
314
оқылды
Ақмола облысында белгісіз біреулер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, Степногорск тұрғынын Қазақстан Республикасының бірқатар банктерінен жалпы сомасы 3 млн теңгеге бірнеше несие рәсімдеуге көндірген, – деп жазады Polisia.kz. Сонымен қатар, олар оны пәтерін сатуға, одан түскен ақшаны өздеріне беруге мәжбүр еткен. Жалпы шығын 9 млн 150 мың теңгені құрады. Биыл 17 мамырда 38 жастағы жәбірленуші Степногорск қаласының полиция басқармасына арызданды. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде күдіктілер анықталды. Олар Павлодар облысының 23 және 24 жастағы екі тұрғыны болып шықты. Ұсталғандардан екінші деңгейдегі түрлі банктердің 25 карточкасы, үшінші тұлғаларға ресімделген карточкалар және 10 ұялы телефон тәркіленді» делінген  Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Степногорск қаласының полиция басқармасы аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі, яғни "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.