Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиын өтті.
Лицейде 684 оқушы білім алады, 75 педагог қызмет жасайды. Биыл оқу жылында негізгі орта білімді аяқтағалы отырған білім алушылар саны 168, оның ішінде 52 үздік аттестатқа үміткер бар. Жалпы орта білімді 133 түлек аяқтағалы отыр, оның ішінде 9 «Алтын белгі», 28 үздік аттестатқа үміткер бар.
Лицей қазақстандық үздік мектептер рейтінгісі бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан 679 білім беру ұйымдары арасында 29-орынға табан тіреді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда» марапатын иеленді.
АҚШ-тың Калифорния штатындағы беделді жоғары оқу орындарының бірі, Минерва университетіне әлем бойынша талапкерлердің ішінде1% қабылданғандардың қатарында лицей түлегі Шахман Еркем толық грантты иеленді.
Лицей 2022 жылы CIS (халықаралық мектептер кеңесі) білім беру саласындағы ең жоғары стандарттар мен соңғы жетістіктерді ілгерілету үшін құрылған әлемдегі ең танымал ұйымның мүшелігіне қабылданды.
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынға Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Ғани Бейсембаев қатысып, білім алушыларға ізгі ниетін білдірді.