Түркістан облысында көлік терезесінен шығып алған мектеп түлектері анықталды
Түркістан облысында көлік терезесінен шығып алған мектеп түлектері анықталды
Түркістан облысында көлік терезесінен денесін шығарған жас түлектерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау соғылған күні жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының полицейлері тәулік бойы тәртіпті қадағалады. Соның ішінде мектеп бітірушілердің көлік картежін ұйымдастыруына жол бермеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде, бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, жауапкершілігі қаралды. Мысалы Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кіші жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы Леңгір қаласы көшелерінің бірінде кетіп бара жатқан BMW көлігінен екі жасөспірімнің терезеден денесін шығарып алғанын байқап, бірден әрекет етті. Жол қозғалысы ережесін бұзған жасөспірімдерге, олардың ата-аналарына профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.