Ішкі істер министрлігінде бірқатар кадрлық тағайындау болды
Ішкі істер министрлігінде бірқатар кадрлық тағайындау болды
330
оқылды
ІІМ басшылығы орталық аппарат және облыстық полиция буыны қызметтерінің басшы лауазымдарына кандидаттарды зерделеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Министрлікте полиция қызметтерінің басшы лауазымдарына үміткерлердің кандидатурасы қаралды. Бұл – Iшкі істер министрлігінің кадрлық тағайындауының жаңа форматы. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов және оның орынбасарлары, сондай-ақ мүдделі қызмет басшылары кандидаттардың кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады», - делінген хабарламада.
Кандидатураларды қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен: – ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдос Рысбаев; – ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы лауазымына Хаджи-Ғали Имажанов; – ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары лауазымына Шыңғыс Алекешев; – ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Дамир Тайжанов; – Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Рүстем Тұңғышбаев тағайындалды.