Егіншілер ел болашағы үшін референдум қажет деп санайды
Егіншілер ел болашағы үшін референдум қажет деп санайды
399
оқылды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Балайым Кесебаева референдумды қолдау, сайлаушыларды науқанға қатысуға шақыру мақсатында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданына қарасты М.Шәменов ауылындағы «Мега Агро» ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізді. Штаб мүшелері егіс басындағы шаруаларға жалпыхалықтық референдум өткізудің алғышарттарын, ұсынылған реформалардың ерекшеліктерін, демократиялық түрленудің маңызын қарапайым әрі түсінікті сөздермен жеткізді. Егіншілер
«Ықпалды Парламент – халықпен жақындасудан басталады. Біз халықтың айтып отырған проблемаларын ортаға шығаруымыз керек. Бүгін халықпен етене сөйлесіп, 5 маусымда өтетін референдум мәселесін пікірлесуге келдік. Соңғы Жолдауда Президент тың саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытты. Мәжілісті қалыптастырудың аралас моделі енеді, Парламенттің бақылау функциялары кеңейеді, заңнамалық рәсімдер оңтайланады. Яғни, азаматтардың мүддесін қорғау механизмі күшейеді. Жаңа Қазақстанды құрудағы қадам - үлкен жауапкершілікті талап ететін дүние. Сол себепті барлық жерлестерді игі істе өз үлесін қосуға шақырамын! Жаңа Қазақстанға бірге аяқ басып, өзгерістерді бірге енгізейік, – деді республикалық штаб мүшесі Балайым Кесебаев.
Егіншілермен кездесуге облыстық штабтың мүшесі Наурызбай Байқадамов және аудандық штаб мүшелері де қатысып, барша жұмысшыларды науқанға белсенді қатысуға шақырды. Штаб мүшелерінен толыққанды мәлімет алған жұмысшы азаматтар жаңа өзгерістерге деген көзқарастары оң екенін жеткізді.