4 миллион теңге көлемінде пара алған: Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қамауға алынды
4 миллион теңге көлемінде пара алған: Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қамауға алынды
© inform.kz
301
оқылды
Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. 
«Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары ұсталды. Оған қатысты Мемлекеттік сатып алуда артықшылық беру үшін құрылыс компаниясы директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.