Ақтөбеде 48 жастағы тұрғын қарасора өсіретін зертхана ұйымдастырған
Ақтөбеде 48 жастағы тұрғын қарасора өсіретін зертхана ұйымдастырған
541
оқылды
Ақтөбе қаласының тұрғыны саяжайда есірткі зертханасын ашқан, - деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе қаласы ПД мәліметінше, ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жылдам қимылдайтын жасақ қызметкерлерімен бірлесіп саяжай алаптарының бірінен қарасора өсімдіктерін өсіру және одан әрі өңдеп шығаратын есірткі зертханасын тапты. https://www.youtube.com/watch?v=91ECqcayPDc&feature=emb_title Саяжай иесі қарасораны жеке пайдалану мақсатында өсіргенін айтқан. Зертхана соңғы техникалық құралдармен жабдықталған. Күдікті тұқым мен техниканы интернет дүкендерден алғанын айтқан. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Тәркіленген зат салмағы 400 грамнан асады. Сараптама тағайындалды.