Алматыда 50-ге жуық мәдениет қызметкері «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды
Алматыда 50-ге жуық мәдениет қызметкері «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды
481
оқылды
Бүгін Алматы қаласында «Ұлт рухы – ұрпақ мұраты» атты Қазақстанның І мәдениет форумы өтті. Еліміздің барлық өңірінен келген сала өкілдерінің, зиялы қауымның басын қосқан іс-шара мәдениет пен өнер төңірегіндегі көптеген түйткілді мәселені ортаға салды.
«Өзекті тақырыптарды батыл көтеріп, болашақ рухани бағыт-бағдарымызды ашық талқылаған спикерлерге ерекше алғыс айтамын. Форум аясында Президентіміздің  Жарлығымен бекітілген 50-ге жуық әріптесімізге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын салтанатты түрде табыстадық. Аталған марапат салаға бар саналы ғұмырларын арнаған нағыз мәдениет майталмандарына берілді», - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасына.  width=
Форум ары қарай министрліктің Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған ашық аспан астындағы тұңғыш кітап жәрмеңкесімен жалғасты.  width=