Құрылыс материалдарының бағасы шарықтап тұр
Құрылыс материалдарының бағасы шарықтап тұр
510
оқылды
Сарапшылар нарықты ретке келтірудің бірден-бір жолы – өз өндірісіңді ашу деп санайды. «Алматы» телеарнасының мәліметінше, базарлардағы сатып алушылар бағаның үнемі өсіп жатқанына шағымданады. «Мәселен, наурыз айында 1 787 теңгеден сатылған 50 келі цемент қазір 1 811 теңгеден сатылып жатыр. Құрғақ құрылыс қоспалары бүгінде 3 193 теңге тұрады. Қабырғаға арналған жапсырмалар да қымбаттады: өткен айлармен салыстырғанда олардың құны 10%-ға өсті. Бағалар  көтерілді» деді телеарна тілшілері. Сатып алушылар сатушыларды бағаны шарықтатты деп айыптайды, ал сатушылар өз кезегінде Ресейдегі тұрақсыз бағаларды айтады. Заттың көбі шеттен келеді. Сарапшылар шетелдік өндірушілерге тәуелділікті азайту қажет деп есептейді.
«Мен бұл мәселені шешудің бір ғана жолын көріп тұрмын – жергілікті кәсіпкерлер зауыт немесе фабрика ашуы керек. Естеріңізде болса, 2020 жылы әлем бойынша көптеген зауыттар коронавирусқа байланысты жұмысын тоқтатқан болатын. Содан кейін импорт пен экспорт тоқтады. Біз құрылыс материалдарының тапшылығына тап болып отырмыз. Пандемия өз өніміңді шығару керектігін көрсетті және бұл ешкімге тәуелді болмауға көмектеседі», – дейді  «Қазақстан құрылысшылар одағы» Алматы филиалының директоры Айдар Мусин.
Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылға қарай еліміздегі импорт көлемін 27 пайызға дейін қысқарту жоспарлануда.