Елімізде Еуропаға жаңа рейстер ашылады
Елімізде Еуропаға жаңа рейстер ашылады
221
оқылды

Халықаралық әуе тасымалдарының бағыттық желісі аптасына 433 рейске дейін өседі.

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және әлемдегі карантиндік шектеулердің әлсіреуіне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалдардың бағыттық желісін қалпына келтіру және кеңейту бойынша жұмысты жалғастырады. Жаз мезгілінде туристердің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында рейс саны 99 бағыт бойынша (81-ден 99 бағытқа дейін) аптасына 81 рейске (352-ден аптасына 433 рейске дейін) артады. Италия, Чехия және Грекияға жаңа рейстер ашылып жатыр.