Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
321
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады. Түркістан облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Тау асуларында шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен батыстан жел соғады. Батыстан соққан жел екпіні 15 м/с-ға жетеді. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20, кей жерде 23 м/с-ға жетеді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 17-22, кей тұста 24-29 м/с-ға жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батыс аумағында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей тұста екпіні 23 м/с-ға жетеді, Петропавлда күндіз батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.