Павлодар облысында белгісіз заттан уланған жетінші адам көз жұмды
Павлодар облысында белгісіз заттан уланған жетінші адам көз жұмды
329
оқылды
Марқұм кеше, 28 мамырда Ертіс аудандық ауруханасынан облыс орталығына жеткізілген еді, деп хабарлайды Pavlodarnews. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 48 жастағы тұрғын Павлодар қаласының №3 ауруханасының реанимациясына жатқызылған.
- Науқас 1974 жылы туған, - деп нақтылады ведомство. - Жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Өкінішке қарай, пациентті құтқару мүмкін болмады.
Осылайша, белгісіз сұйықтықтан уланған жеті адам қайтыс болды.