СҚО полицейлері 24 жасағы жігітті іздестіріп жатыр. Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметі мәлім етті.
25 мамырда Айыртау ауданының полиция бөліміне 24 жастағы Зарва Анатолий Николаевич 15 мамырда таңертең Саумалкөл аудан орталығындағы үйінен кетіп, оралмағаны туралы арыз түсті. Жігітті полицейлер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен жанашыр адамдар іздестіріп жатыр.
Анатолий Зарваның белгілері: бойы 190-192 см, денесі мығым, шашы қоңыр, қысқа. Киімі: қара көк күртеше, қара жасыл футболка, көк джинс, қара кроссовка.