Атырауда автобус пен ГАЗель соқтығысты
Атырауда автобус пен ГАЗель соқтығысты
Фото: ПД-нен алынды
165
оқылды
Жол апатына ұшыраған «ГАЗель» жүргізушісі мен автобустың жолаушылары ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлады. Жол апаты кеше сағат 19:00 шамасында болған. «Екі көлік Тасқала-3 елдімекеніндегі 18 және 21-көшенің қиылысында болған. Жолаушы тасымалдайтын «Daewoo» маркалы автобустың жүргізушісі оң жақта келе жатқан «ГАЗель» көлігіне жол бермеген. Автобус жүргізушісі жол апатына себепкер болған. «ГАЗель» көлігі соққының екпінімен аударылып, көшедегі жарық бағанына соғылды», – деді полицейлер. Апат салдарынан бірнеше адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Полицияның оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.