Оралдағы өрт: гаражда тұрған көліктер түгі қалмай жанып кетті
Оралдағы өрт: гаражда тұрған көліктер түгі қалмай жанып кетті
Фото: ТЖД-нен алынды
198
оқылды
Оралда гараж өртенді. Гаражда тұрған үш көлік те түгелдей өртеніп кетті. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Апат кеше сағат 20:20-да Молдавская көшесінде орналасқан жеке үйдің ауласында болды. Гараж бен онда тұрған үш автокөлік отқа оранды. Өрт аумағы – 180 шаршы метр. Оқиға орнынан 50 литрлік үш оттегі баллоны шығарылды. Өрт 21:19-да оқшауланып, 21:59-да ауыздықталды. Өртті 20 адам 6 техниканың көмегімен сөндірді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір адамның қолы күйген. Ол ауруханаға барудан бас тартты. Өрттің шығу себебін мамандар анықтап жатыр.