Петропавлда 17 жастағы қыз 12-қабаттан құлап көз жұмды
Петропавлда 17 жастағы қыз 12-қабаттан құлап көз жұмды
© inform.kz
185
оқылды
Петропавлда 17 жастағы бойжеткен көп қабатты үйдің 12-қабатынан құлап мерт болды, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Қайғылы оқиға Петропавлда 30 мамыр сағат таңғы 5.00 шамасында болған. Полицияға облыс орталығындағы Жамбыл көшесі бойындағы үйдің 12-қабатынан қыздың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. 17 жасар бойжеткен оқиға орнында қаза тапты.
«Петропавлда 17 жастағы қала тұрғынының суицид жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу аясында анықталатын болады», – делінген хабарламада.