Балқаш горнизонында офицер жарақат алды
Балқаш горнизонында офицер жарақат алды
553
оқылды
Бүгін Балқаш гарнизонында офицер қаруды пайдалану кезінде жарақат алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2022 жылдың 30 мамырында Балқаш гарнизонында офицер қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік шарасының бұзылуы салдарынан жарақат алды. Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қорғаныс министрінің тапсырмасымен арнайы комиссия жіберілді», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Бұдан өзге ақпарат тергеу мүддесіне қарай таратуға жатпайды.