Полицей өртеніп жатқан көпқабатты үйден үш баланы алып шықты – видео
Полицей өртеніп жатқан көпқабатты үйден үш баланы алып шықты – видео
Фото: news.myseldon.com
171
оқылды
Ақтауда көпқабатты үй өртенді. Өрт жертөледен басталған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті хабарлады. Полицейлер үш бүлдіршінді өрттен құтқарды. 34 шағынаудандағы үйден өрт шыққаны жөнінде шақырту түскен. Шақыртуға полиция аға лейтенанты Рыскелді Маденов пен Жанболат Орынбасаров және патрульдік полиция батальонының «Сұңқар-9» жасағы барды. Өртенген үйде тұратын әйел полицейлерден көмек сұрады. Өзі дүкенге кеткенде үйдің ішінде үш баласы қалғанын, олардың ең кішісі 4-5 айлық екенін айтқан. Өрт сол подъездің жертөлесінен шыққан. Полиция аға лейтенанты Рыскелді Маденов балалардың анасынан кілтті ала сала, үйдің өртеніп жатқанына қарамастан, балаларды алып шықты.  
Полиция балаларды қараусыз қалдырмау керегін ескертеді.