Қостанайда ажырасқан азамат бұрынғы әйелін пышақтаған, – деп хабарлайды AstanaTV.
Сұлулық салонында жұмыс істейтін бұрынғы келіншегін жұмыс орнына келген. Әйелді пышақтаған соң, өзінің кеңірдегін қиып жіберген. Қазір екеуі де қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Телеарна тілшісінің айтуынша, сұлулық салонындағы сұмдық оқиға кеше сағат төрттер кезінде болған. Әуелі 52 жастағы ер-азамат әйелді оңаша сөйлесуге шақырыпты. Оған көнбеген соң ішке еніп, клиенттің көзінше маникюр жасайтын шеберді пышақтап тастаған. Кейін өз-өзіне пышақ сермеген.
Облыстық аурухананың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева: «Әйелдің денесі мен бетінде көп пышақ жарақаты бар. Ал еркектің мойыны, яғни кеңірдегінен жарақаттанған. Ол қалалық ауруханада жатыр», – дейді.
Полицейлердің мәліметінше бұрыңғы ерлі-зайыптылар 2013 жылы ресми ажырасқан. Кейін тағы татуласып, бірнеше мәрте араздасып, қосылып жүрген. Ерінен жәбір көрген әйел екі рет полицияға шағымданып та келіпті. Өткен жылы екеуі екі жаққа кеткен. Бірақ күдікті бәрібір сүйіктісінің қыр соңынан қалмаған. Бірге тұрмақ болған. Екеуінің ортақ балалары бар.
Күдікті қарулы күзетпен жансақтау бөлімінде жатыр.