Астанада «Менің атым Қожа» кейіпкеріне ескерткіш қойылды
Астанада «Менің атым Қожа» кейіпкеріне ескерткіш қойылды
Фото: balapan.tv
Ертең астанада «Менің атым Қожа» кейіпкеріне орнатылған ескерткіш ресми түрде ашылады. Қала әкімдігінің мәліметінше, шара Қазақстандағы «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылып отыр. 1963 жылы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы желісімен «Қазақфильм» студиясы түсірген балалар фильмнің кейіпкері Қожаға орнатылған ескерткіштің жалпы биіктігі – 183 см, қола мен граниттен жасалған. Идеяның авторы – Мұрат Қожамқұлов, мүсінші – Талапхан Азамат. Ескерткіштің ресми ашылу салтанаты ертең сағат 11.00-де «Жетісу» саябағында өтеді.