«Қазіргі заманауи жағдайда музыканттың жеке брендінің дамуы»  тақырыбында пленарлық сессия отырысы өтті
«Қазіргі заманауи жағдайда музыканттың жеке брендінің дамуы»  тақырыбында пленарлық сессия отырысы өтті
395
оқылды
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлт рухы – ұрпақ мұраты» атты І республикалық мәдениет форумының аясында 27 мамыр күні музыкалық өнер бағыты бойынша «Қазіргі заманауи жағдайда музыканттың жеке брендінің дамуы» тақырыбында пленарлық сессиясының отырысы болды. Сессияға министрліктің өкілдері мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының, сондай-ақ, әр өңірдің өнер ұйымдарынан келген қызметкерлердің делегациясы қатысты. форум Қазақстанның идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша саналатын өнер мен мәдениет саласының майталмандарының ерен еңбегін биік бағалап, құрметтеген Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты» деп айтқанындай пленарлық сессияның да негізгі тақырыбы осы бағытта болды. Сессия отырысында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры – Ақан Абдуалиевтің жетекшілік етуімен, Қазақстан композиторлар одағының төрағасы – Артық  Тоқсанбаев, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының директоры Данияр Құрамысов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев, ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының директоры – Таир Қаратаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрдің бас дирижері – Ерболат Ахмедьяров баяндама жасады. форум Спикерлердің баяндамасынан кейін елдің әр өңірлерінен келген өнер ұйымдарының қызметкерлері пікір білдіріп, жиынның соңы сұрақ-жауап алмасуға ұласты. Қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға ҚР Мәдениет және спорт мининстрлігінің өкілдері өз құзіреті шеңберінде жауап берді. форум Биыл бірінші рет өткізілген бұл жиын республиканың түкпір-түкпірінен келген делегация өкілдерінің тәжірибе алмасуына, көкейде жүрген сан сауалдарына жауап алып, өзара пікір алмасуына, түрлі талаптары мен ұсыныстарын кеңінен талқылауына мол мүмкіндік берді.