Қосшыда ер адам 9 жастағы баланы соққыға жыққан
Қосшыда ер адам 9 жастағы баланы соққыға жыққан
567
оқылды
Қосшыда 40 жастағы ер адам тоғыз жастағы баланы соққыға жықты. Полиция қылмыстық іс қозғады. Хабар 24 арнасының мәліметінше, 40 жастағы ер адам аулада ойнап жүрген жеткіншектің бетінен жұдырықпен ұрған. Алдын ала болжам бойынша, оның ерегісіп қалған балалардың арасына түсуі мүмкін.
"Аталған факт бойынша денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 8-тармағы бойынша "Кәмелетке толмаған балаға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлық орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді өңірдің Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Әсем Әбдікәрімова.