«Алжирде» болды
«Алжирде» болды
338
оқылды
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасарлары Ольга Перепечина мен Асқар Шәкіров бастаған палата депутаттары саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде болды. Сенаторлар Ақмол ауылындағы «Қайғы қақпасы» монументіне тағзым етті және лагерьдегі тұтқын әйелдердің есімі жазылған «Еске алу қабырғасы» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Мұражайдың негізгі залдарында парламентшілерге арналып экскурсия жасалды және жазықсыз сотталған әйелдердің өмірі туралы фильм көрсетілді. Кездесу соңында депутаттар мұражайға «Ашаршылық – Голод 1928-1934 ж.ж.» жинағының 5 томын тапсырды.