Жас режиссердің жетістігі
Жас режиссердің жетістігі
417
оқылды
«Астана Опера» театрының режиссері Еренбақ Тойкенов Мәскеуде өткен «Нано – Опера» V халықаралық жас опера режиссерлері байқауында жүлделі екінші орынды иеленді. Жас режиссер «Опералық режис­сура өнеріне жасампаз көрқарасы үшін» сыйлығына ие болған. Cондай-ақ ол көрермендердің көзайымы атанды. Еренбақ Тойкеновтің айтуынша, байқауға 200-ден астам қатысушы қатысқан. Олардың ішінен тек 10 адам ғана ақтық сынға өткен. Оның өзі де әрбір тур сайын іріктеліп отыр­ған. Байқауға қатысқан режиссерлер өте жоғары деңгейдегі өз саласының мамандары. – Бұл конкурс уақытпен жұмыс істеуді үйретеді. Өйткені 10 минут­тың ішінде 1 сахнаны қою өте қиын. Бірақ қиын нәрсені бірден жеңіл­деткен фактор бар. Бұл ешқан­дай ақшаға сатып ала алмайтын, театрдың этикеті, атмосферасы. Байқау үш кезеңнен тұрды. Біріншісінде қатысушылар ариямен, екіншісінде дуэтпен, ал үшіншісінде көпшілік көрініспен жұмыс істеді, – дейді Еренбақ Тойкенов. Іріктеу кезеңінен өту үшін Ерен­бақ Тойкенов Дж. Пуччинидің «Ту­ран­дот» опералық спектаклінің мазмұнын өз пайымдауымен ерекше түсіндірген. Келесі кезеңдерде Еренбаққа Дж. Россинидің «Севиль­дің шаштараз» операсының Фигаро­ның каватинасын, екінші кезеңде Ж.Бизенің «Кармен» операсынан Хозе мен Эскамильоның дуэтін, үшінші кезеңде көрнекті француз композиторының жауһарынан хор мен секстет орындауда шеберлік танытқан. Аталған байқау «Россия-К» телеарнасында тікелей эфирде көрерменге ұсынылды.

Фатима МЫРЗАБЕК, ЕҰУ-дың 2-курс студенті