Қарағанды облысында жаңа көпқабатты үйдің қабырғасы цементсіз қаланып жатыр  
Қарағанды облысында жаңа көпқабатты үйдің қабырғасы цементсіз қаланып жатыр  
Фото: Видеодан скриншот
Жаңаарқа ауданында салынып жатқан көпқабатты үйдің қабырғалары цементсіз қаланып жатыр, – деп хабарлайда КТК арнасы. Мұны тұрғындардың бірі бейнекамераға түсірген. Видео авторы қаланған қабырғадан кірпіштерді қолымен алып, арасында цемент жоқ екенін көрсетеді. Әр жерін тексергенімен, бір-бірінің үстіне қаланған кірпіштер бос жатыр. Видео әлеуметтік желіге жарияланған соң құрылыс басына Жаңаарқа ауданы әкімдігі мен құзырлы орган тайлы-тұяғы қалмай келді. Олар да қаланған кірпіштерді қолмен алып көріп жүр. Мердігер компания өкілдері де барды. Үйдің құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған. Биыл желтоқсанда аяқталуы тиіс. Бұған бюджеттен 453 миллион теңге бөлініпті.  Қазір құрылысты  арнайы комиссия тексеруге кірісті. Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Айқын Елеусізов: «Комиссия бүгін бас мердігермен және техникалық қадағалау маманымен кездесіп насанды толығымен аралап шықтық. Арнайы мемлекеттік сәулет құрылыс қадағалау басқармасы келді. Нысан құрылысымен толығымен танысты. Аталған мемлекеттік орган қорытынды бере жатар.  Біз арнайы комиссия күнделікті осы нысан бойынша қадағалау жүргізетін боламыз», – деді.