Ақтөбеде көшеде 19 жастағы тұрғынды қорқытып, кредит алдырған жас жігіт ұсталды  
Ақтөбеде көшеде 19 жастағы тұрғынды қорқытып, кредит алдырған жас жігіт ұсталды  
Фото: esquire.kz
211
оқылды
Ақтөбеде 19 жастағы тұрғын қорыққаннан кредит рәсімдеген. Бұл туралы diapazon.kz жазды. 19 жастағы тұрғын полицияға көшеде белгісіз біреу 350 мың теңге тұратын телефонды несиеге алуға мәжбүрлегенін айтып арызданған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтады. Биыл 24 сәуір күні Қонаев көшесінде белгісіз адам 19 жастағы жәбірленушіні қорқытып, құны 350 000 теңге тұратын смартфонды несиеге алуға мәжбүрлеген. 21 жастағы күдікті ұсталды. Оның осыған дейін де қылмыстық жауапқа тартылғаны анықталды. Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігі «Бопсалау» бойынша тергеу басталды.