Биыл ана мен баланы әлеуметтік қолдау үшін 898 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді
Биыл ана мен баланы әлеуметтік қолдау үшін 898 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді
Фото: nur.kz
268
оқылды
Бүгінде 1,6 миллион отбасы әлеуметтік төлем мен жәрдемақы алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.   Ана мен баланы әлеуметтік қорғау көпдеңгейлі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асады. Жүйеге қазынадан төленетін жәрдемақының 5 түрі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемнің 3 түрі кіреді. Биыл республикалық бюджеттен бұл мақсаттарға 537,1 миллиард теңге бөлінді. Бұл былтырмен салыстырғанда 13,3%-ға көп (2021 ж. – 473,9 млрд теңге). Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 361,3 миллиард теңге қарастырылған (2021 ж. – 295,8 млрд теңге). Бұған дейін пәтер жалдап тұратын көпбалалы отбасыларға ақша берілетіні туралы жазған болатынбыз.