Алматы облысында көлік пен пойыз соқтығысты
Алматы облысында көлік пен пойыз соқтығысты
Фото: kris_p_almaty_official
201
оқылды
Алматы облысында жеңіл көлік жол ережесін сақтамай пойызға соғылды. «Қазақстан темір жолының» мәліметінше, жол апаты бүгін таңғы сағат 06.00 шамасында Алматы облысы Боралдай – ЖЭО-2 учаскесінде болған. Көлік жүргізушісі 35 вагоны бар маневрлік тепловозға жол бермей, өткелге шығып кеткен. Машинист жедел тежегішті басқан. Вагондар рельстен шыққан жоқ. Автокөлік жолаушысының қолы сынып, ауруханаға түсті. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Қазір пойыз басқа локомотив арқылы жолдан шығарылды. Теміржол өткелі көлік қозғалысы үшін ашық. Кірме жол ЖЭО-2-ге, тепловоз жекеменшікке тиесілі.